Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Таразда бір күнде төрт ана егіз босанды

Таразда бір күнде төрт ана егіз босанды
Фото: Hendrik Schmidt/picture alliance via Getty Images

Тараз қаласындағы перзентханада сирек кездесетін жағдай тіркелді. Бір күннің ішінде төрт ана егіз босанып, сегіз нәресте өмірге келді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ерекше оқиға Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығының босану бөлімінде болған. Бір тәулік ішінде төрт әйелдің егіз босануы медицина қызметкерлері үшін де есте қаларлық жағдайға айналды. Нәтижесінде төрт отбасы бір мезетте қос қуанышқа кенелді.

Сегіз сәбидің дүниеге келуіне акушер-гинекологтер, неонатологтер, акушерлер, анестезиолог-реаниматологтер мен мейіргерлер атсалысқан. Денсаулық сақтау министрлігі медицина мамандарының ана мен бала денсаулығын қорғаудағы еңбегін ерекше атап өтті.

"Төрт егіз жұптың бір күнде дүниеге келуі - сирек кездесетін ерекше оқиға. Бұл - ата-аналар үшін шексіз бақыт, ал медицина мамандары үшін еңбектерінің жемісін көрген сәт. Жаңа туған нәрестелердің бауы берік, ғұмыры ұзақ болсын. Аналардың денсаулығы мықты болсын!" – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство өкілдері төрт егіз жұптың бір күнде дүниеге келуін сирек кездесетін оқиға ретінде бағалады. Мамандардың айтуынша, егіз жүктілік кезінде ана мен нәрестелердің денсаулығын тұрақты бақылауда ұстау маңызды. Сондықтан мұндай босану жағдайларында бірнеше бағыттағы медицина қызметкерлерінің бірлескен жұмысы ерекше рөл атқарады.