Теміртауда қыркүйек айында жоғалған 38 жастағы Ирина Керннің мәйіті табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
20 қыркүйектен бері іздестірілген әйелдің денесі бүгін қаладан 22 шақырым жерден табылған. Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған.
Кісі өлтіруге қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Марқұмның артында үш баласы қалды.