Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын ауыстырды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Сағымбаев қызметінен босатылып, оның орнына Марат Ирменов тағайындалды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ресми Telegram арнасында хабарланды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымынан босатылды", – делінген Ақорда хабарламасында.
Сонымен қатар Президенттің тағы бір Жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа басшысы тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – деп мәлімдеді Ақорда.
Айта кетейік, Ермек Сағымбаев 2026 жылғы 24 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалған еді.