Мұнай өңдеу кәсіпорнының қызметкерлерін тасымалдаған автобус аударылып, 13 адам қаза тапты. Апаттан кейін жүздеген тұрғын көшеге шығып, кәсіпорын басшылығының отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Апат 14 қараша күні кешке болған. Жергілікті билік бастапқыда 12 адамның қаза тауып, 16 адамның жараланғанын хабарлады. Кейін жарақат алған жолаушылардың бірі көз жұмып, қаза тапқандар саны 13-ке жетті.
17 қарашада тұрғындар қала орталығына жиналып, апатқа жауаптыларды анықтауды талап етті. Апаттың мән-жайын тергеу басталған.
Оқиға Иранның Илам провинциясында, Абданан мен Дехлоран қалаларының арасындағы жолда болған.