Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Ақмола облысы

Ақмола облысында қатты жел 119 ғимараттың шатырын жұлып кеткен.

Ақмола облысында қатты жел 119 ғимараттың шатырын жұлып кеткен.
фото: inform.kz
Ақмола облысында қатты жел тұрып, 119 ғимараттың шатырын жұлып кеткен. Бұл туралы Ақмола облысы төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметі хабарлайды.
«Көкшетау және Степногорск қалаларында, сондай-ақ 12 ауданда 43 әлеуметтік объектілерде мектептер, ауруханалар, балабақшалар және 70 тұрғын үй және 6 коммерциялық объектілерде шатырлардың жұлынуы тіркелді» делінген ақпаратта.
Ал Бурабай ауданының Ұрымқай ауылдық округінде ЖШС-нің машина ауласындағы шатыры бұзылған кезде 1980 жылы туған азамат қаза тапқан.
Сондай-ақ 189 елді мекенде электрмен жабдықтау бұзылған.  Әзірге «АРЭК» АҚ және «Көкшетау Энерго» ЖШС күшімен 51 елді мекенде электр энергиясын беру қайта қалпына келтіріләп, 138 ауылға жарық беру жалғасуда. 
Сағат 15.00-ге дейін 108 елді мекенге электр энергиясын беру қалпына келтірілген. Қалған 30 ауылдағы зақымдану учаскелеріне жету қиынға соғуына байланысты қалпына келтіру жұмыстары қиын болуда. 
Бөлісу