Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Денсаулық

Коронавирустан қайтыс болғандар саны күн сайын өсіп барады.

Коронавирустан қайтыс болғандар саны күн сайын өсіп барады.

Бүгін, 29 маусымда коронавирустан тағы да 5 адам көз жұмды. Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметте коронавирустан қайтыс болғандар саны 183 адамға жеткен. 

Бүгін көз жұмған науқастар жайлы мәлімет төмендегідей:⠀
Батыс-Қазақстан облысында — 1952 жылы туған әйел адам;
Маңғыстау облысында — 1942 жылы туған әйел адам;
Ақмола облысында — 1967 жылы туған ер азамат;
Шығыс-Қазақстан облысында — 1958 жылы туған ер азамат;
Ақтөбе облысында — 1962 жылы туған әйел адам.

Сондай-ақ 28 маусымда коронавирус жұқтырған 547 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 21 327 адамға жетті. Емделіп шыққандар — 12 933 адам.

Ал кеше жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 1 066 тасымалдаушы адам тіркелген. Жалпы белгілері жоқ тасымалдаушылар саны — 16 639 адамға жеткен.⠀

Бөлісу