Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Денсаулық

Қытайдан келген 35 қазақстандық ауруханаға жатқызылды.

Қытайдан келген 35 қазақстандық ауруханаға жатқызылды.

Қытайдан келген 35 қазақстандық ауруханаға жатқызылып, оқшауланды. Олардың 27-де мерзімдік ауру анықталды деп хабарлайды Қазақстаннның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

«6 қаңтардан бері Қазақстан мен ҚХР шекара пунктінен 12610 адам өткен. Олардың ішінде 12365 біздің азаматтар, шетелдіктер саны – 245. Бүгін таңғы сағат 7:00-ге мәліметтерді анықтадық. Қазақстанның барлық аймағындағы медицина қызметкерлері осылардың 51%-на, яғни 6449 адамға қоңырау шылып, денсаулықтарына шағымдары бар ма, жоқ па екенін білді. Жекелеген бокстарға 35 адам ауруханаға жатқызылып, оқшауландырылды», -дейді Ж.Бекшин.

Маманның сөзінше 27 адам мерзімді ауруға шалдыққан, оның ішінде 22-адамға «жіті респираторлы вирустық инфекция», 4 — грипп және бір адамда грипп және парагрипп, «яғни минкс-инфекция» анықталды. Ал қалған 8 адамның талдамаларын жаңа короновирус бар-жоғын анықтау үшін зерттеуге жіберген.

Бөлісу