Logo
Іздеу
Айдарлар

Жоғарғы сот судьясы парамен ұсталды.

/
Жоғарғы сот судьясы парамен ұсталды.

Қазақстанда Жоғарғы соттың судьясы ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұсталды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметі бірлескен тексеру шараларын өткізген. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 11 ақпанында Жоғарғы соттың судьясы қомақты мөлшерде пара алып жатқан жерінен ұсталды», — делінген хабарламада.

Жоғарғы соттың мәліметі бойынша, Түркістан аудандық соты жоғарғы соттың жасаған қызметтері үшін ақша аударған. Оған қоса, пара берген Түркістан аудандық сотының судьясы ұсталды.