Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
қылмыс

LRT бойынша қылмыстық іс сотқа берілді.

LRT бойынша қылмыстық іс сотқа берілді.

Атышулы LRT құрылысына қатысы бар лауазымды тұлғалардың ісі сотқа тапсырылды. Күдіктілердің қатарында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Astana LRT ЖШС қызметкерлері бар. Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров брифингте мәлімдеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру кезінде 5,8 миллиард теңгені жымқыру дерегіне қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады», — деді Данияр Биғайдаров.
Елорданың сиқын кетіріп бозғылт бетон күйінде қалған жоба бойынша соттың алдында 7 адам жауап беретін болады. Ал, Қ.Сұлтанбеков және Т. Ардан бұлтартпау шарасымен халықаралық іздеуге берілген.

Бөлісу