Logo
Іздеу
Айдарлар

Тоқаев спортшылардан үмітті ақтайтын нәтиже сұрады.

/
Тоқаев спортшылардан үмітті ақтайтын нәтиже сұрады.

Ұлттық құраманың Олимпиададағы көрсеткіші спорт секілді аса маңызды салада шұғыл әрі тиімді реформалар жүргізу қажет екенін көрсетті, деп жазды президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

«Бұқаралық және балалар спортын дамытуға көңіл бөліп, сол арқылы әлемдік аренада үлкен табыстарға қол жеткізуге ұмтылу қажет», — деді ол.

Қазақстан спортшылары Токио Олимпиадасында 8 қола медаль алып, жалпы командалық есепте 83-орынға табан тіреген болатын.

«Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші Қазақстанның спорттағы әлеуетіне және мемлекет тарапынан спортты дамытуға бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді», — деді Тоқаев.

Президент Токио Олимпиадасынан сабақ алып, Парижде өтетін келесі ойындарда халық үмітін ақтайтындай нәтижеге қол жеткізу керектігіне бас назар аударды.