Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Министрлік олимпиада трансляциясы үшін қалай саудаласқандарын айтты.

Министрлік олимпиада трансляциясы үшін қалай саудаласқандарын айтты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Токио Олимпиадасының трансляциясын ұйымдастыруға 6 250 000 АҚШ доллар  жұмсаған.

«2021 жылдың 23 шілдесінде Токиодағы (Жапония) XXXII жазғы Олимпиада ойындары трансляциясының лицензиялық құқығын 6 250 000 АҚШ долларына сатып алу бойынша келісімге келді», — деді министрлік өкілдері. 

Олимпиаданың трансляциясы бойынша келіссөздер 24 шілдеге дейін жалғасқан.

 

Министрліктің хабарлауынша, жапониялық компания көрсетілімге мүмкіндікті 15 миллион долларға сатып алуды ұсынған. Алайда 2016-2018 жылдары Қазақстан дәл осы көрсетілімді 5,1 миллион долларға сатып алған болғандықтан бас тартқан.⠀

Ақпан айында қазақстандық тарап бағаның төмендетуін сұрап хат жазған. Дегенмен, өтініш жауапсыз қалған. Нәтижесінде Олимпиада басталуға бір күн қалғанда ортақ келісімге қол жеткізген.

Бөлісу