Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Халықтың зейнетақы қорындағы қаражаты 145 млрд теңгеге азайған.

Халықтың зейнетақы қорындағы қаражаты 145 млрд теңгеге азайған.

Қазақстандық салымшылардың зейнетақы жинақтары жарты жылдың ішінде 145 млрд теңгеге азайған.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2021 жылғы қаңтар-маусымда 145,6  млрд теңгеге немесе 1,1%-ға азайып, 12 767,8 млрд теңге болды.

2021 жылғы қаңтар-маусымда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» кіріс 2021 жылғы 1 шілдеде 6 304,6 млрд теңгеге дейін 751,0  млрд теңгеге ұлғайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 2021 жылғы  1 шілдеде 10,9 млн шот болды.

2021 жылғы қаңтар-маусымда зейнетақы төлемдерінің сомасы 1,7 трлн теңге болды.

2021 жылғы 1 шілдеде БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінде негізгі үлес Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына және Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен тиісінше 39,6% және 25,9%) тиесілі.

Бөлісу