Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Минскіде ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті.

Минскіде ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті.

Оған Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы Беларусь Республикасының ҰҚШҰ-ға төрағалығы шеңберінде өтті.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери қауіпсіздігіне төнетін қатерлер тұрғысынан дағдарыстық ден қою жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады.

Отырыста сондай-ақ 2024 және 2030 жылға дейінгі кезеңге ұйымның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын, басқару органдары мен құралымдарын бірлесіп даярлау іс-шараларының тізбесі айқындалды.

Бөлісу