Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

ҚР Парламенті Сенатының сайлауы 2023 жылы 14 қаңтарда өтеді.

ҚР Парламенті Сенатының сайлауы 2023 жылы 14 қаңтарда өтеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

ҚР Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімі 2023 жылы аяқталатынына байланысты Қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

Бөлісу