Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Қазақстанға тағы ҰҚШҰ әскерилері келе жатыр.

Қазақстанға тағы ҰҚШҰ әскерилері келе жатыр.

ҚР Қорғаныс министрлігі 2022 жылғы 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Жамбыл, Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2022», «Іздеу-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығулары өтетінін мәлімдеді.

«Осыған байланысты 22-30 қыркүйек аралығында елімізге Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады», — делінген хабарламада.

Әскери контингенттердің қозғалысы кезінде коменданттық қызмет, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және оларды жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталатын болады.

Бөлісу