Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Түркістан облысы

Елімізде жаңа аудан пайда болды.

Елімізде жаңа аудан пайда болды.

Түркістан облысында Сауран ауданы пайда болды. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды деп хабарлайды, Arasha.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы жарлыққа 12 наурызда қол қойған.

«Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасатын Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін бөлу жолымен құрылсын.», — делінген Ақорда сайтында жарияланған құжатта.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қаулыны жүзеге асыру үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Айта кетейік, Түркістан облысы 2018 жылдың маусым айында қайта құрылды.

Бөлісу