Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстанда қанша Қытай жұмысшылары бар?.

Қазақстанда қанша Қытай жұмысшылары бар?.

Жаңаөзенде Қытайдың Қазақстанда салынатын зауыттарына қарсылық толастамай тұр. Өткенде вице-прьемер Жеңіс Қасымбек: «55 жобаның ішінде 3,9 миллиард долларға бағаланған 15 жоба ауыл шаруашылығы, металлургия, химия, мұнай-газ, көлік, логистика және басқа салаларда іске қосылды. Бұл 15 жоба аясында жаңадан ашылған 4 мыңға жуық жұмыс орнына тұрғандардың 95 пайызы – қазақстандықтар. Жалпы осы жобалар бойынша біз 20 мыңға дейін жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз» деген еді. Бірақ Қытай жобаларына қарсылық тоқтар емес. Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо: «“Митингілерде айтылған ойлар сондай аңғал әрі күлкілі. Бұл – үкімет мекемелерінің құзіреті мен кәсібилігіне күмән тудырады. Мен тек “естерің дұрыс па?” деп сауал тастағым келеді» деп қоғам сынына ұшыраған еді.

Втце-прьемер Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, 2019 жылғы шетел жұмысшыларына берілген квота 23 мың адамнан аспайды. Соның ішінде Қазақстанда жұмыс істеп жатқан Қытай жұмысшыларының саны — 4300. Бұл деректі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі де растайды. Министрліктің мәліметінше, елде ресми түрде 4300 Қытай келген жұмысшылар бар.

Бөлісу