Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Түркістан облысы

Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 34 адамға жетті.

Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 34 адамға жетті.

8 сәуірдегі жағдай бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 34-ке жетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округі, Дербес ауылының 1995 ж. азаматынан вирус анықталды. Ол COVID-19 инфекциясы расталған азаматпен жақын байланыста болған.

Жалпы облыс бойынша Жетісай ауданында – 14 адам тіркелген, оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған. Сондай-ақ, Кентауда — 5, Ордабасы  — 2, Сайрам — 2, Мақтарал — 4, Арыс — 6, Сарыағаш — 1 тұрғыны індетке шалдыққан.

Бөлісу