30-06-20 |
1800 рет қаралған
Медициналық компания басшысы: Коронавирус тестіне тапшылық қолдан жасалып отыр.
Медициналық компания басшысы: Коронавирус тестіне тапшылық қолдан жасалып отыр

Қазақстандық «Диамед» компаниясының басшысы Алтай Қалымбетов елімізде коронавирус тестіне тапшылық қолдан жасалып отыр деп мәлімдеді. Ол өзінің пікірін фейсбуктегі парақшасында жариялап отыр.

Оның сөзінше өзінің ПЦР-диагносика шығаратын мекемесінен «мемлекет» коронавирусқа арналған жиынтықтың бір де бірін сатып алмаған.

«Коронавирусқа ПЦР-диагностика тапшылық қолдан жасалған. Кезі келгенде бұл «оба кезінде бизнеске қатысқан» барлық шенеуніктер қаза болған әр бір өмір үшін жауап береді. Және мен үндемей қалмаймын», -депті Алтай Қалымбетов.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой оның жазбасының астына пікір қалтырып, «жағдайды объективті түрде анықтап, жеке бақылауына алатынын» жазыпты.

«Диамед» компаниясының сайтындағы мәліметтер бойынша компания 1994 жылы құрылған. Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында клиникалық диагностика үшін өнім дистрибютері. Диамед компаниясының қызметі Қазақстан мен ТМД елдерінің Медициналық және ғылыми мекемелерінің кең ауқымын отандық және шетелдік өндіріс Молекулалық диагностика саласындағы қазіргі заманғы шешімдермен қамтамасыз етуге бағытталған.

 

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.