«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалының директоры Фархат Джуланов салынып жатқан жолдың сапасын қалай қадағалайтындарын айтып берді.
Оның айтуынша, жолдың көлемі, ондағы ақаулардың барлығы арнайы құрылғылармен тексеріледі. Бұл құрылғыларды жыл сайын жетілдіріп, оларды тексерістен өткізіп тұрады. Соған қарай құзырлы органдар сертификат береді екен.
«Жолды тексеруге шыққан инженерлер жолдың жоғарғы жабынды қабатынан сынамалар алады. Яғни, кернеулеу процесі жүргізіледі. Оларды жол зертханасына апарып белгіленген нормативтік құжат бойынша сынама жасайды. Соның нәтижесінде жолдың сапасы анықталады. Жолды салуда пайдаланылған құрылыс материалдардың талапқа сәйкестілігі белгілі болады», – деді Ф. Джуланов.
Сонымен қатар ол жол салуда пайдаланылған құрылыс материалдары нормативтік нормаға сай келмесе тапсырыс берушіге ескерту жасап, жабындыларды ауыстыруды талап ететіндерін айтты.
«Жол қабатындағы керндердің тығыздығы сәйкес келмесе, немесе материалдар талапқа сай болмаса оны түзету бойынша хат жолдаймыз. Егер мердігер ұйым біздің талабымызды ескермейтін болса, онда біз мемлекеттік құрылыс басқармасына хат жолдаймыз», – дейді филиал директоры.
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024