Қазақстанның төрт қаласында арнайы операциялар өтіп, ұйымдасқан қылмыстық топтардың аса қауіпті лидерлері ұсталды. Бұл жайында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. «11 қыркүйекте біздің қызметкерлер ІІМ-мен бірлесіп бопсалаумен, рейдерлікпен және қару сатумен айналысқан «Алибов», «Ибрагимов» және «Махмудов» атты ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесті. Операцияларға «А» және «Бүркіт» арнайы бөлімшелері тартылды. Нәтижесінде Нұр-Cұлтан, Алматы, Ақтөбе және Қостанай қалаларында қылмыстық топтардың 15 лидері мен белсендісі қолға түсті. Олардың бірі Ресей Федерациясында бандитизм мен кісі өлтіргені үшін халықаралық іздеуде болған. Күдіктілерден қару-жарақ, оқ-дәрі және граната арсеналы тәркіленді», – дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері.
Қазіргі уақытта күдіктілер Нұр-Сұлтан полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қолда бар дәлелдерді бекіту және қылмыстық әрекеттің өзге де эпизодтарын анықтау бойынша тергеу жүріп жатыр.
Фото мен видео Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен алынды
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024