22-01-21 |
1680 рет қаралған
Қазақстандықтар зейнетақы жинағын пайдаланарда нені ескеруі керек.
Қазақстандықтар зейнетақы жинағын пайдаланарда  нені ескеруі керек

«Отбасы Банкі» зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалануға беруге дайын. Өтініштерді қабылдау 2021 жылдың 23 қаңтары күні сағат 9:00-де басталады. Өтінім қабылдауға арналған онлайн платформа ертеңнен бастап іске қосылады.

Бүгінгі күнге дейін 57 мың адам банктен арнайы шот ашқан.  Өтініш бергенге дейін қолданыста ЭЦҚ болуы қажет.
«ЭЦҚ арқылы немесе өзге электронды тәсілмен уәкілетті оператордың интернет-ресурсында тіркелу, жеке кабинетті ашу және арнайы шот ашуға өтінім беруі қажет. Өтініш беруші арнайы шотты уәкілетті оператордың ішкі құжатында белгіленген өзге тәсілмен аша алады. Арнайы шотты ашқаннан кейін оның нөмірін, пайдалану мақсатын, қолжетімді соманы, жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару тәсілдерін көрсете отырып, біржолғы зейнетақы төлеміне арналған электронды өтінішт толтырыңыз», – делінген банк хабарламасында.
Банк мәліметінше, БЖЗҚ салымшысы алуға болатын төлемді пайдаланғысы келмейсе оны өзінің туысына, мәселен зайыбына аудара алады.

Ал зейнетақы жинағын емге жұмсау ережесі ай соңына дейін күшіне енетіні белгілі болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.