14-02-21 |
1900 рет қаралған
Назарбаевтың жеңсік асы, Тоқаевтың сымбаты.
Назарбаевтың жеңсік асы, Тоқаевтың сымбаты

Қазақстандықтар әлеуметтік желіге жүктелген ел президенттеріне қатысты мәліметтерге қызықты. Instagram-ға  шыққан Қазақстан президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың 26 жастағы суреті мен Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті асы желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас кезіндегі фотосын жариялады.

«1979 жыл. Подмосковьедегі сенбілік. Бұл кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы КСРО Сыртқы істер министрлігінде атташе қызметін атқарып жүрген болатын», – делінген жазбада.

Президенттің жас кезін көрген желі қолданушылары «Сымбатты жігіт» деп жарыса пікір жазды.

Сонымен қатар, Елбасының баспасөз қызметі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан бірер жыл бұрын айтқан сөзін жариялады.  

«Спортпен шұғылдану арқылы жеңіске ұмтылыс, күш-қайрат, алға қойған мақсатқа жетуге талпыныс сияқты маңызды қасиеттер жетіледі. Спорт дегеніміз – денсаулық, рухтың күштілігі, отансүйгіштік. Мен жастарымызды дене шынықтырумен және спортпен көбірек шұғылдануға шақырамын.

Менің қағидам – ағзаға қажетті асты жеу керек. Адам өзіне қарауы тиіс, біз дені сау ұлт болуымыз керек. Жастарымыз осыған ұмтылатынын білемін. Өз басым ешқандай диета ұстанбаймын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ал Еlbasy_live Instagram парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті асы туралы мәлімет жарияланды.

«Таңғы асқа Назарбаев жеміс пен жаңғақ қосылған сұлы ботқасын, түскі ас кезінде көкөніс немесе балық сорпасын, қазақша кеспе ішкенді ұнатады. Ол жеңіл балық тағамымен және отқа ысталған форельмен тамақтанғанды жөн көреді», – делінген парақшадағы жазбада.  

 

 

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.