«Birgemiz» қорының қамқоршылық кеңесі Жамбыл облысының Жаңатас қаласында өрт салдарынан 5 баласынан айырылған Әбдімәліковтер отбасына 2 миллион көмек беретінін хабарлады.
«Қор атынан қаза тапқан балалардың ата-анасы мен жақындарына қайғы-қасіреттеріне ортақтасып көңіл айтамыз. Бұл, балалардың ата-анасы үшін де, біз үшін де орны толмас ауыр қаза. Әбдімәліковтер отбасының қайғыларын бөлісе отырып, біз материалдық көмек көрсетуге шешім қабылдадық», – деді қор төрағасы Руслан Сакеев.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы пәтерде болған өрттен бір отбасының бес баласы қаза болды. Пәтер ішінде ата-ананың қарауынсыз қалған балалар 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылы туған.
Елді есеңгіреткен оқиғаға қатысты Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жаңатас қаласында өрттен қаза болған бес баланың ата-анасына көңіл айтты.
Кейін желіде отбасыға қатысты тың деректер шықты. Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өрт кезінде қайтыс болған бүлдіршіндерге желіде жоқтау арнады.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024