Орал-Атырау тас жолының бойында жантүршігерлік жол апатынан алты адам мерт болды. Оқиғадан зардап шеккен бір адам ауруханаға жеткізілді.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, тас жолда Toyota Corolla және Lada Priora көліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам сол жерде қайтыс болды, бір зардап шегуші ауруханаға түсті.
«Лада көлігінде бес адам болған. Апат болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аман қалған жолаушы Тайпақ аудандық ауруханасына жатқызылды.
Төтенше жағдайлар қызметі алдағы уақытта дауыл мен көктайғаққа байланысты ескерту жариялады.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024