11-10-18 |
5460 рет қаралған
Зейнетақы қорынан 300 миллиард теңге банктерге берілмек.
Зейнетақы қорынан 300 миллиард теңге банктерге берілмек

Зейнетақы қорынан екінші деңгейлі банктерге 300 миллиард теңге берілмек. Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смаилов айтты. Оның сөзіне қарағанда, банктерге бөлінетін 600 миллиард теңгенің тең жартысын ұлттық банк зейнетақы қорынан алмақшы.

Министр зейнетақы қорындағы қаражат инвестиция ретінде экономикадағы жобаларға салынып, пайда тауып, қордың активтерін өсіруі керек. Мұндай тәжірбие өзге елдерде де бар.

Президент Н.Назарбаев ұлттық банкке екінші деңгейлі банктерге жедел түрде 600 млрд. теңге көлемінде қайтарым негізінде қаражат беруді тапсырған еді.

Былтыры зейнетақы қорының қомақты қаражаты Әзербайжан банкіне салынғаны әрі ол банк банкрот болғаны жайлы хабар тарап, ол үлкен дау болған. Ал қорға жеке компаниялар 40 млрд. теңге қарыз.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражат халықтың зейнетақы жарнасына аударып, жиналып отырған қаражат.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.