Білім вице-министрі Шолпан Каринова сенбілікке шығуға мәжбүр болған мұғалімдерге шағым түсіруге кеңес берді.
«Кез келген мұғалім баршаға қолжетімді жерде орналасқан білім мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің телефондарына қоңырау шала алады. Ақпарат білім бөлімдерінің барлық ресми парақшаларында бар», – деді ол.
Ол мұғалімдерді әдеттен тыс жұмысқа тарту фактілері бойынша 200-ден астам әкімшілік іс қозғалғанын және олар бойынша шешімдер қабылданғанын атап өтті. Семейде екі мектеп директорына, білім бөлімінің басшысы мен әкімнің орынбасарына қатысты әкімшілік іс қозғалған.
Еске салайық, 17 қазан күні Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Семейдегі мұғалімдер әкім орынбасарының тапсырмасы бойынша жұмыстарын тоқтатып, көше тазалауға жіберілгенін жазған болатын. Ол мұғалім мәртебесі туралы заңды бұзғаны үшін қала әкімінің орынбасары мен білім бөлімінің басшысы жауапқа тартуды сұрады.
Әкімдік өз кезегінде сенбілікке мемлекеттік қызметкерлердің апта сайын шығатынан және онда тұрған ештеңе жоқтығын айтқан еді. Сонымен қатар, Семей қаласы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков бұл жерден ешқандай мәселе көріп тұрмағанын айтты.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024