Қаңтар оқиғасы кезінде 20 адам кездейсоқ өлген. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов мәжілісте айтты.
Видео: Бас прокуратура таратқан қаңтар оқиғасының хроникасы
«Бүгінде 20 адамның атыс кезінде кездейсоқ өлгені анықталып отыр. Оның 11-і Алматы қаласында, 8-і Алматы облысында, біреуі Тараз қаласында. Өлгендер арасында атыс кезінде бүлікшілер оғына ұшқандар да, блокпостта тұрған әскердің талабына бағынбағандар да бар», – деді Берік Асылов.
Видео: Бас прокурор Берік Асыловтың мәжілісте жасаған баяндамасы
Қазақстан бас прокурорының мәліметіне қарағанда, Қаңтар оқиғасы кезінде 230 адам өлген. Оның 19-ы полицейлер мен күш құрылым қызметкерлері. 139 адам Алматы оқиғасында өлген. Оның 86-сы мемлекеттік органдар ғимаратына шабуыл кезінде өлген.
Қазақстаның тағы да жеті аймағында күш құрылымдары «әкімдіктерді, полиция мен ҰҚК департаменттерін қорғаған кезде 63 адамның көзі жойылған».
Қазақстан бас прокурорының мәліметіне қарағанда, Қаңтар оқиғасы кезінде 230 адам өлген.
Алайда омбудсмен Эльвира Әзімованың мәліметінше, қаңтар оқиғасында 238 адам қаза болған. Оның ойынша, Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынып, уақытша оқшаулау орнында түрлі себептермен қаза болғандар да осы тізімге кіреді.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024