24-06-22 |
1790 рет қаралған
Рубль бағасы нығая түсті.
Рубль бағасы нығая түсті

Валюта нарығында ресейлік рубль нығая түсті.  Ұлттық банк өкілі капитал қозғалысындағы өзгерістерді түсіндірді. 

ҚР Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Иван Сердюк рубльдің шетел валюталарына, оның ішінде АҚШ долларына қатысты нығаюын импорттың төмендеуі мен капитал қозғалысын бақылау бағытында енгізілген шаралармен байланыстырды.

«Маусым айының басынан бастап рубль долларға қатысты шамамен 15%-ға нығайды. Рубль/теңге бағамын белгілеуге ең алдымен долларға қатысты теңге мен рубльдің жеке-дара әрекеті ықпал етеді. Рубль әлемдік нарықта долларға қатысты нығайып келеді, сондықтан рубль/теңге бағамының өсуі жалғасуда»,-дейді Ұлттық банк өкілі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.