Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) «ҚазАгро» компаниясына инвестиция ретінде 450 миллиард теңге (1,2 миллиард доллардан астам) салынды. Бұл туралы 20 желтоқсан күні Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлттық банк ақпаратына қарағанда, қор қаржысы компания облигацияларын сатып алуға 15 жыл мерзімге, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 10 пайызбен бөлінді. Банк инвестиция «БЖЗҚ салымшыларына жыл сайын инвестициялық табыс әкеліп, агроөнеркәсіп секторын одан ары дамытуға және модернизациялауға, ауылшаруашылығы кәсіпорындарының қарызын азайтуға» септесетінін айтады.
БЖЗҚ қаржысын компанияға инвестициялауды Қазақстан Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған.
Қазақстан вице-премьері, ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев биыл мамыр айында «ҚазАгро» ұлттық компаниясының былтыр 126 миллиард теңгеден астам шығынға батқанын, оның екі себебі барын айтқан.
«Біріншісі, кезінде компания шетелден валютамен несие алып, оны басқа екінші деңгейлі банктерге теңгемен салған. Кейін девальвация болған кезде бағам айырмашылығы шықты. Сосын, кейбір екінші деңгейлі тұрақсыз банктерге ақша салынып, салдарынан 58 миллиард теңге жоғалды. Былтырдан бері бұл тапшылықты жойдық. Қазір капиталды ұлғайтып, транштар мен капиталға ақша құйып жатырмыз. Сосын, валютамен алған несиелерді теңгеге ауыстыруға тырысып жатырмыз. «ҚазАгро» үкіметтің ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі операторы болғандықтан оның банкрот болуына жол бермейміз, жағдайын жақсартамыз» деген Шөкеев.
Осы жылдың басында Өмірзақ Шөкеев Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорында (ӘСМҚ) жиналған қаржының 10 пайызы «ҚазАгро» ұлттық компаниясының облигациясын сатып алуға бөлінетінін хабарлаған.
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024