19-01-18 |
7300 рет қаралған
«Әлемде ядролық қаруды пайдалану қаупі өршіп тұр».
«Әлемде ядролық қаруды пайдалану қаупі өршіп тұр»

Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ ҚК отырысында сөйлеген сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 «ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында жасаған мәлімдемесін халықаралық қауымдастыққа деген маңызды үндеу ретінде қарастырған жөн. Қазіргі таңда халықаралық қауіпсіздік деңгейі төмен екенін байқауға болады. Әлемде ядролық қаруды пайдалану қаупі өршіп тұр. Содан соң аймақтық және жалпы жаһандық деңгейде қарулы қақтығыстардың географиясы кеңеюде. Солтүстік Корея төңірегіндегі дағдарыс пен Таяу Шығыстағы жалғасып жатқан қақтығыстар - мұның бәрі халықаралық қауіпсіздік жағдайының нашар екенінен хабар береді. Сондықтан қазақстандық тарап осы жағдайда әлемдік қауымдастық мүшелерінің, әсіресе алпауыт мемлекеттер арасындағы сенім шараларын күшейту керектігі туралы айтылуда. Себебі олай жасамасақ әлемде қайтадан қару-жарақ жарысы басталып кетуі мүмкін», – деді ол.

Сарапшы ядролық қақтығысқа жол бермеу керектігін де атап өтті.

«Одан бөлек ядролық қарудан азат ету әрекеттерін жалғастыруымыз керек. Қару-жарақ аймағының, жалпы қару-жарақтың көлеміне шектеу қоймасақ жаппай қырып-жою қаруы лаңкестердің қолына түсу қаупі бар. Сол үшін БҰҰ-ның 100 жылдық мерейтойына дейін ядролық қарудан бас тарту бойынша нақты қадамдар жасау қажет. Ядролық қаруы бар мемлекеттердің әлемдік қауымдастығы жауапкершілігін сезінуге шақырып, ядролық қақтығысқа ешқашан жол бермеу керек», – деді Жұмабек Сарабеков.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.