22-04-19 |
5740 рет қаралған
«Бізде жастарды президенттікке ұсынбайды. Одан да жастарды тұтқындап, олардың азаматтық көзқарастарын білдіруге жол бермеуді жөн санайды».
«Бізде жастарды президенттікке ұсынбайды. Одан да жастарды тұтқындап, олардың азаматтық көзқарастарын білдіруге жол бермеуді жөн санайды»

21 сәуірде Алматыда өткен марафонда «Шындықтан қашып құтылмайсың» және «#әділ сайлау үшін»,
«#менде таңдау бар» деген жазулар жазылған плакат ұстап шыққан Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековты сот 15 тәулікке бас бостандықтарынан айыру туралы шешім шығарған. Бұл жағдай қоғам арасында дау тудырып, қоғам белсенділері өз пікірлерін әлеуметтік желі арқылы білдіріп жатыр.

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев өзінің фейсбук парақшасында: «- Украинада жас, жаңа президент болады. Ол әділ әрі бәсекелестік сайлауда жеңіске жетті. Бізде жастарды президенттікке ұсынбайды. Одан да жастарды тұтқындап, олардың азаматтық көзқарастарын білдіруге жол бермеуді жөн санайды. Және бұл жағдай дабыра қылып айтқан «жастар жылы» болып отыр. Неткен қатігез мазақ. Мұның бәрі жоғарғы жақтың өзгерісті қаламағандығынан. Оларды жастадың болашағы алаңдатпайды, тіпті оларды естігілері де келмейді. Олардың мақсаты қолдан келгенше қазіргі саяси status quo-ны ұстап тұру. Ертең «Нұр Отан» партиясының съезінде бізге жаңа жас меритократияның орнына ескі биліктің өкілдерін ұсынғылары келеді. Бірақ жүйенің іргесі баяғыда сөгілген. Бұрынғыдай басқару енді мүмкін емес, себебі әлем өзгеріп кеткен. Аламдар мен заман өзгерді, олардың коммуникация формалары өзгерді, жаңа ойлар, жаңа үміттер оянып келеді. Олардың бұрынғыдан көңілдері қалып, өздері мен айналасында өзгеріс орнатқылары келеді. «Деформация вертикали…» деген кітабымда жазғанымдай: » Мемлекетті басқарудың қазіргі жүйесін ауқымды форматта өзгертпеске болмайды. Сондай-ақ көптеген саяси жүйелер ескі компьютерлер сияқты сырттан келіп жатқан көп ақпаратты қорыта алмай немесе үлгермей жатса… онда бұл жерде толықтай апгрейд керек, не болмаса компьютерді жаңа моделіне ауыстыру керек» -деп жазыпты Д. Сәтпаев.

Ал белгілі ақын Хамит Ерғалидің немересі, желі белсендісі Айжан Хамит сотталушы Ася Тулесованың Алаш қайраткері Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың шөбересі екенін айтып, кезінде өзінің Ілияс Жансүгіров туралы жазған мақаласын еске алды:

«- Ілиясты қамап тастаған кезде Фатима аяғы ауыр болып, ұлы Болатты дүниеге әкелген екен. Ол жаңа туған нәрестесін алып, Ілиясқа келеді. Сол кезде түрме қызметшісі «Әкесі сияқты жазушы болады» деп айтады, ал ол баласына қарап айтыпты «Жазықсыз түрмеге қамалғанша етікші болсын» депті. Ілияс ату жазасына кесілді. Ораз да атылып кетті. Ол кезде интеллигенцияны совет билігі құртты, ал қазір өз қазағы, комсюктердің қарабет шабармандары… Бұлай болғаны өте өкінішті. Осы ретте Ахмет Байтұрсынұлының Әлихан Бөкейханға арнаған мына бір өлең жолдары еске түседі
«Қырағы қия жазбас, сұңқарым-ай!
Қажымас қашық жолға, тұлпарым-ай!
Үйілген өлексені өрге сүйреп,
Шығармақ қыр басына, іңкәрім-ай!
Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр,
Түнерген төбемізден бұлт арылмай.
Көк атты, көн терілі, көніп қалған,
Сықса да шыдай беру — жұрт жарылмай» -деп жазады А. Хамит өзінің фейсбук парақшаснда.

Саясаттанушы Айдос Сарым да осы мәселеге қатысты өз пікірін білдіріпті:

«- Әсіресе жаңа әлем мен жаңа уақыттың өкілі болып саналатын жастарға қатысты билік қатігез және аң сияқты бірбеткей болмауы керек. Міндетті түрде қамау керек пе? Егер бұл құқық бұзушылық боса онда айыппұл не болмаса қоғамдық жұмысқа салуға да болушы еді», -деп пікірін білдірді саясаттанушы.

Ал қоғам белсендісі, экономист Мұхтар Тайжан бұл жастарды тіпті мақтан тұтамын дейді.

«- Бұл жас азаматтармен ниеттес кенімді айтқым келеді, тіпті оларды мақтан тұтамын. Олар ұятты, әбес немесе заңға қайшы ештеңе жасаған жоқ. Олар жай ғана өздерінің азаматтық көзқарастарын білдірді. Сайтан алғыр, олар әділ сайлау өткенін қалайды. Айтпақшы президент Тоқаев та сол туралы айтқан. Сайып келгенде олар президенттің әділ сайлау өткізуге талпынысын қолдады. Осы акцияға 15 тәулік беру – бұл 20 ғасырдағы Брежневтің заманындағыдай. 21 ғасырда митингілер,
пикеттер, акциялар мен сайлаулар туралы заңнаманы өзгерту керек», -дейді М. Тайжан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.