04-06-19 |
3290 рет қаралған
«Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ажырасу – асығыс жасалған заңның кесірі».
«Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ажырасу – асығыс жасалған заңның кесірі»

Шымкент қаласнда атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ажырасып жатқан көпбалалы отбасылар бар екенін бұған дейін жазған едік. Іле президент Тоқаев алаяқтықтың жолын кесу үшін үкіметке цифрландыруды жеделдетуге тапсырма берген. Әзірге үкімет президент тапсырмасының қалай орындалып жатқаны жөнінде қандай да бір мәлімдеме таратпады.

arasha.kz атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ажырасудың салдары қандай болатынын сұрап, заңгер Қайрат Жүкелді сөзге тартқан еді.

Қайрат Жүкел, заңгер:

  • Атаулы көмек алу үшін ажырасып жатқандар атаулы әлеуметті көмек туралы заңда көмекті нақты кімдер, қалай алатыны анықталмағандығын көрсетеді. Проблема заңның асығыс жасалып, атүсті қабылданғанының кесірінен туып отыр. Келісім бойынша ажырасып, көпбалалы жалғызбасты ана ретінде атаулы көмек алуға тырысып жатқандардың әрекеті заңның солқылдақтығынан.
  • Мұндай фактілерді прокуратура мен атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдейтін жергілікті уәкілетті орган анықтап, ерлі-зайыпты адамдардың көмек алу үшін ғана ажырасқанын анықтаса, онда оларды сотқа тартып, берілген көмекті қайтаруға болады. Үкіметтің олай істеуге құқығы бар, өйткені заңда сондай механизм қарастырылған. Бірақ дәл қазір саяси науқан – сайлау кампаниясы жүріп жатқандықтан билік әлеуметтік наразылық тудырмас үшін оны іске неғайбыл.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.