Қостанай облысы әкімдігі Путиннің сапарына дайындық үшін 13 миллиард теңге жұмсады… бірақ ол Қостанайға бармайтыны белгілі болды.
Қостанай Ресей президентінің келуіне бір жылдан бері дайындалып жатыр. Бастапқыда Ресей мен Қазақстанның 19-өңіраралық форумы сонда өтеді деп жоспарланған болатын. Бірақ бүгін Путиннің Қостанайға бармайтыны – Астанаға ұшатыны, форумға қашықтан – бейнеконференцбайланыс арқылы қатысатыны белгілі болды.
Бір қызығы, Қостанай әкімдігінде өтетін форумға – Smart орталықтың құрылысына (форум өтетін жерде), жарықтандыруды, үйлердің қасбеттері мен жолдарын жөндеуге, көшелер, субұрқақтар қалпына келтіру, брусчаткаларды ауыстыру және т.б. қаланы абаттандыруға 11 миллиард теңгеден астам бюджет қаражаты бөлінген.
Рас, абаттандыру біртүрлі болды – бір жерде (мысалы, әкімдік маңында), керісінше, ағаштар кесіліп, бір жерде жаңалары отырғызылды. Сондай-ақ, қаланың солтүстік-батыс бөлігі мен «Аэропорт» ықшамауданы арасында жол салу жоспарланған болатын, деп жазады Наша газета.
Бір апта бұрын әкімдік жұмыстың 99 пайызға орындалғанын хабарлады.
Arasha.kz
ФОТО: дереккөз
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024