Logo
Іздеу
Айдарлар

Трамп Путинге Украинамен бітімге келу үшін 10-12 күн уақыт берді

/
Трамп Путинге Украинамен бітімге келу үшін 10-12 күн уақыт берді

Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Шотландияға жасаған сапары барысында мәлімдеді. Украинадағы соғыс пен Путинге қатысты кезекті мәлімдемесін ол журналистермен сөйлесу кезінде айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

АҚШ президенті Ресей басшысы Владимир Путинге қатысты тағы да өз наразылығын білдіріп, оған бұрын берілген бітімге келу мерзімін қысқартатынын жеткізді.

«Мен бұрын берген 50 күндік мерзімді қысқартамын. Бүгіннен бастап жаңа мерзімді – шамамен он немесе он екі күн деп белгілеуді жоспарлап отырмын. Күтудің мәні жоқ сияқты... Мен жомарт болғым келеді, бірақ біз көріп отырғандай, ешқандай ілгерілеу жоқ», – деді Трамп.

10–12 күндік жаңа мерзім туралы ол Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен кездесуі кезінде айтқан.

Бұған дейін Трамп Путинге 50 күн уақыт бергенін, егер ол аралықта келісімге келмесе, Ресейден келетін тауарларға 100 пайыздық кедендік баж салығын енгізетінін ескерткен.

Ал Стамбулда Ресей мен Украина өкілдерінің арасында өткен соңғы келіссөздер тағы да бітім жөнінде келісімге келмей аяқталды.