08-04-20 |
1830 рет қаралған
Ақмола облысында қатты жел 119 ғимараттың шатырын жұлып кеткен.
фото: inform.kz
Ақмола облысында қатты жел тұрып, 119 ғимараттың шатырын жұлып кеткен. Бұл туралы Ақмола облысы төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметі хабарлайды.
«Көкшетау және Степногорск қалаларында, сондай-ақ 12 ауданда 43 әлеуметтік объектілерде мектептер, ауруханалар, балабақшалар және 70 тұрғын үй және 6 коммерциялық объектілерде шатырлардың жұлынуы тіркелді» делінген ақпаратта.
Ал Бурабай ауданының Ұрымқай ауылдық округінде ЖШС-нің машина ауласындағы шатыры бұзылған кезде 1980 жылы туған азамат қаза тапқан.
Сондай-ақ 189 елді мекенде электрмен жабдықтау бұзылған. Әзірге «АРЭК» АҚ және «Көкшетау Энерго» ЖШС күшімен 51 елді мекенде электр энергиясын беру қайта қалпына келтіріләп, 138 ауылға жарық беру жалғасуда.
Сағат 15.00-ге дейін 108 елді мекенге электр энергиясын беру қалпына келтірілген. Қалған 30 ауылдағы зақымдану учаскелеріне жету қиынға соғуына байланысты қалпына келтіру жұмыстары қиын болуда.
Соңғы мақалалар.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
МІНБЕР.
ӨЗГЕ ДЕ МАҚАЛАЛАР.