06-06-18 |
40840 рет қаралған
Жер сатқан жиырма төрт шенеунік сотталды.
Жер сатқан жиырма төрт шенеунік сотталды

Ақмола облысында жерлерді заңсыз сатып, пайдаға кенелуді көздеген шенеуніктердің бастары дауға қалды, – деп жазады zhasalash.kz.

Екі жарым жыл бұрын әшкере болған 24 мемлекеттік қызметкердің заңсыз  істері сотқа жіберілген болатын. Аталмыш іс Астана маңындағы Тайтөбе, Қоянды, Қосшы елдімекендерінің тұрғындарына сатылған телімдер бойынша қозғалған еді. Қызметін асыра пайдаланған мамандар 200-ге жуық тұрғынды сан соқтырып кеткен.

Олардың былығын прокурорлар 300 жер телімін тексерген кезде анықтаған. Бірден қылмыстық іске қатысы бар деген 16 қызметкер қамауға алынса, тағы 8-і қолхатпен жүрген. Енді, міне, екі жарым жыл қаралған сот ісіне нүкте қойылды. Соттың шешіміне сәйкес, Қосшы кентінің бұрынғы әкімі Елібек ӘБУОВ 5 жылға, жер кадастры бөлімін басқарған Арман СМАЙЫЛОВ 4 жылға сотталды. Осылайша, 24 адамның 19-ына әртүрлі мерзімге жаза кесілді. Сондай-ақ, 8-і 1 миллионнан 2 миллион 400 мың теңгеге дейін айыппұл арқалады. 5 қызметкер кінәсіз деп танылып, сот залынан босатылды. Ал, ең ауыр жаза Целиноград аудандық жер қатынастары бөлімін басқарған Айзада ТӨЛЕГЕНОВАҒА берілді. Ол ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, соған басшылық етіпті.

Төлегенова Айзада Жақияқызы ҚР Қылмыстық Кодексінің 235,175,177,307, 190 бабтары бойынша, кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын  Қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады,– дейді Ақмола облыстық сотының судьясы Арлан Қосжанов.

Дереккөз: zhasalash.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.