Ақтөбеде тіркелген қайғылы жағдайға қатысты полиция мәлімет берді. Ұлының денесін әкесі тауып алған.
15 ақпан күні тіркелген қайғылы жағдайға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция жасөспірім қазасына қатысты ҚР КПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын хабарлады.
«15 ақпанда Темір ауданының Кеңқияқ кентінде өз үйінің ауласында әкесі 2005 жылы туған асылып қалған ұлының мәйітін тауып алды.
Оқиға орнына келген Кеңқияқ ПБ жедел-тергеу тобы оқиға орнына тексеру жүргізіп, сот-медициналық сараптама тағайындады. Қайғылы оқиғаның себептері анықталуда»,-деп хабарлады облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін жасөспірім қазасы туралы хабарлаған едік.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024