15-02-21 |
910 рет қаралған
Ақтөбеде 35 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті.
Ақтөбеде 35 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Ақтөбеде белгісіз жағдайда жоғалып кеткен 35 жастағы жігіт 1,5 жылдан бері табылмай жатыр.

Ақтөбе облысында 2019 жылдың жаз айында із-түзсіз жоғалып кеткен 35 жастағы ер адамнан әлі күнге дейін хабар жоқ.

«1985 жылы 23 қыркүйекте туған Дәурен Ерғалиев 29 тамызда Алға қаласы Байтұрсынов көшесінде орналасқан үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған»,- деп хабарлайды облыстық ПД.

Полиция мәліметінше, жоғалған азаматтың бойы – 170-175 см, орта денелі, шашы қара қысқа, көзі қара. Үйден шыққанда сұр күртеше, сол түсті бейсболка мен қара джинсы киіп кеткен.

Полиция Дәурен Ерғалиевтің қайда екенін білетіндердің 102 (Ақтөбе) немесе 8 701 131 94 84 нөміріне хабарласуын сұрайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.