21-01-21 |
520 рет қаралған
Ақтөбеде қаланың іргесінде отырып, пеш жаққандардың жанайқайы.
Ақтөбеде қаланың іргесінде отырып, пеш жаққандардың жанайқайы

Ақтөбеде қаланың іргесінде отырып, жылудан тарыққандар жыларман күйде. Сазды ауылдық округі «Бауырластар -3» ауданының тұрғындары бүрсең қағып отырғанын айтып, тілшілерден көмек сұрады. Жергілікті биліктің «көгілдір отын келеді» дегеніне сеніп, қысқа қамданбағандар сан соқты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақтөбеде арман болған 10 сотық жерді алып, баспанасын салып алған тұрғындар жылусыз елді мекенде тұрып жатыр. Тұрғындар жергілікті биліктің «газ да, су да, жарық та – бәрі де болады» деген сөзіне сеніп, жаздай алаңсыз болған. Ашулы ағайын жауапты тұлғалар әрекетсіз отыр деген уәжін айтты.

«Түнімен ұйықтамаймыз. Жолдасым от жағып шығады. Күндіз өзім сөндірмеуге тырысамын. Сөндірсек, жылу құбырларының бәрі қатып қалады. Қыстың көзі қырауда балалар тоңып қалды. Көгілдір отын бүгін-ертең береді дегенге сеніп, қысқы отынды да сайламадық. Енді пеш жағып отырмыз. Түтін иісіне уланып қаламыз ба деп қорқамыз»,– дейді тұрғын Арайлым Жолдыбаева.

Арайлым секілді жылудың азабын тартып  отырған отбасы аз емес. Отын алып, үйіне пеш салып  үлгермегендер амалсыз электр пешін пайдаланған. Олардың коммуналдық төлемнің түбіртегіне қарауға қорқады.

«Біз уже алты жылдың киловатын жағып тастаппыз. Электр пешін пайдаланғандар 150-140 мың төлейді. «Бауырластар-3»-те  он екі қожалық токпен отыр»,- дейді тұрғын Динара Аманова.

Қаланың іргесіндегі  ауданда үш жүзге тарта түтін бар. Көпшілігі үйінің құрылысын енді аяқтап, коммуникациялық желілердің жүргізілуін күтіп отыр. Ал пәтер жағалап шаршағандары  жылуы жоқ болса да, өз үйлеріне қоныстанып алған

Мәселемен жергілікті билік таныс. Әкімдіктің уәжі басқа. Олар бұл жайға қатысты тұрғындарен бірнеше мәрте кездесу өткізгендерін айтады.

«Ауданға газ құбыры толық жүргізілген. Мердігер мекеме  өзінің мерзіміне сәйкес толыққанды жұмыстарын атқарып,  тапсырды.  «ҚазТрансГазАймаққа» пайдалануға берілді. Ендігісін тұрғындар өзі атқаруы тиіс. Ең бастысы- лицензиясы бар мекемелермен жоба жасап, құрылыс-монтаж жұмыстарын жасақтау керек. Дайын болған кезде өз ережесіне сәйкес қоса беруге болады»,- дейді Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімінің орынбасары Алмаз Жақсылықов.

.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.