11-02-21 |
1840 рет қаралған
Ақтөбеде тарих пәнінің мұғалімі абақтыға қамалды.
Ақтөбеде тарих пәнінің мұғалімі абақтыға қамалды

Ақтөбеде әріптесінің жүрегіне пышақ сұққан мұғалімге үкім шықты. 20 жыл мектепте еңбек еткен ұстаз енді 8 жылын темір торда өткізеді.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыс жасаған ұстазға үкім шығарды. 43 жастағы мектеп мұғалімі «Адам өлтіру» бабымен айыпты деп танылды.

Оқиға өткен жылы 22 қазан күні тіркелді. Ақтөбе облысы Шұбарқұдық ауылында мүғалімдер түс мезгілінде әріптесінің үйіне қонаққа барған, ішімдік ішкен. Соңында сөзге керісіп қалған.

Сотталушы масаң күйде асхана пышағымен жәбірленуші «Е»-нің сол жақ кеуде қуысынан жеткілікті күшпен бір соққы жасаған. Салдарынан «Е» оқиға орнында қайтыс болды.

«Сот үкімімен «Ж» ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленді»,- деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сотталушы «Ж» сотта өз кінәсін толық мойындады. Жанжалдасқан мұғалімдер мектепте 20 жыл еңбек еткен ұстаздар. Сотталушы – тарих пәнінің мұғалімі, жәбірленуші – денешынықтыру пәнінен сабақ берді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.