25-02-20 |
690 рет қаралған
Ақтөбеде тұтас ауыл Абайдың өлеңдерін жатқа біледі.
Ақтөбеде тұтас ауыл Абайдың өлеңдерін жатқа біледі

Ақтөбе облысына қарасты Хромтау ауданындағы Абай атты ауыл тұрғындағы хакім Абайдың өлеңдерін жатқа оқиды. Бұл турал Ақтөбе- Қазақстан арнасы хабарлады.

Абайдың атын иеленген аядай ғана ауылдың әр тұрғыны, ақынның өлеңдерін жатқа айтады деп естігенде таң қалдық. Сол сөз рас екен.

Осында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты байқау өтіп, жиында Абай шығармалары мен әндері ғана емес, сайысқа қатысушылардың ақынға арнап, өздері шығарған өлеңдері де оқылды. Байқауды тамашалауға келген қауым, мағыналы, мазмұнды кештің куәсі болды.
«Адамның бір қызығы – бала деген, баланы оқытуды жек көрмедім…»деген еді Абай Құнанбайұлы.

Осы ауылдың тұрғындары да оқушыларын оқытуға көп көңіл бөлгенін аңғару қиын емес. Екі кезеңнен тұратын байқауға қатысқан ұстаздар бен шәкірттердің өнері, дайындығы жоғары деңгейде екен.

Абай ауылында ақын шығармаларын жаттауды, қара сөздерін бойларына сіңіруді оқушылардан ғана талап етпейді. Мұғалімдерінен бастап, мектеп директорларына дейін, ойшылдың өлеңдерін жатқа айтады. Бұл да ерекше педагогикалық әдіс сияқты. Жиынға арнайы қатысқан аудан басшысы да, сөзін ресми баяндамамен емес, Абай өлеңімен өрнектеген.
Абай ауылында атқарылатын шаралар бойынша облыс әкімінің негізгі тапсырмалары бар. Яғни, Абай атымен аталатын ауылдар, мекемелердің бәрі қараусыз қалмауы керек. Биыл Абай ауылында жол салынайын деп жатыр.

Баласынан басшысына дейін Абайдың шығармаларын жатқа білетін ауылдың өзге де жоспарлары жеткілікті. Ол жоспар орындалатыны сөзсіз. Өйткені руханияты мықты мекеннің, өркениеті де осал болмауы тиіс.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.