Ақтөбеде жедел жәрдем қызметінің 50-ге жуық жүргізушісі жалақы мәселесін көтерді. Жұмысшылардың айтуынша, мекеме басшылары бірнеше жылдан бері құр уәде беріп келген. Жанайқайларын айтып, ашынған жұмысшылар мәселені бір аптада шешуді талап етіп отыр. Олай болмаған күнде жұмысты тоқтатып, әкімдік алдына бармақ.
«Осы мекемеде 16 жылдан бері жұмыс істеймін. Жалақыны қай уақытта көтергені есімде жоқ. Құр уәдемен шығарып салады. Әкімдікке де арыз жаздық. Өткен жылы да, биыл да тек дәрігерлер мен фельдшер жалақысы өсті. Біз талап қойдық. Мынадай жалақыға жұмыс істей алмаймыз. Мәселеміз бір аптада шешілмесе жұмысты тоқтатамыз»,- дейді жүргізуші Бауыржан Исмайлов.
Қаладағы «103» қызметінің алдына жиналған жүргізушілер мәселені бес жылдан бері көтеріп келе жатқандарын айтты.
«Бұл еліміздегі жедел жәрдем қызметінде жүрген жұмысшылардың жанайқайы. Дәрігерлерде үш жыл қатарынан 20-30 %-ке жалақы көтерілді. Жүргізушілердікі қалып қояды. Енді біз мәселе шешілмесе тоқтамаймыз. Әкімдіктің алдына барамыз»,- дейді жүргізуші Нұрлан Қошқаров.
Ақтөбедегі жедел жәрдем қызметінде 200-ден аса жүргізуші бар. Олар бір тәулік жұмыс істеп үш күн демалады.
«1 қаңтардан бастап дәрігерлер мен фельдшер жалақысы 30 пайызға көтерілді. Бәрі бір бригадада жүрген соң жүргізушілер «біздің жалақымыз неге көтерілмейді» деп сұрайды. Мен жағдайды басшылыққа жеткіздім. Хат жазылды. «Сенім» кәсіподақ ұйымына, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқармасына ұсыныс жазылды. Ол жазғыз мен көтерген мәселе емес. Еліміз бойынша айтылып жатыр»,- дейді жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері Марат Жанқұлов.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024