26-02-21 |
730 рет қаралған
Ақтөбеде жүк пойызы аударырып, 22 цистерна жолдан шығып кетті.
Ақтөбеде жүк пойызы аударырып, 22 цистерна жолдан шығып кетті

Ақтөбе облысында 43 вагон сүйреген жүк пойызы жолдан шығып, 22 цистерна  аударылды.  Цистерна  дизельді отын тиеген.

Төтенше жағдай бүгін күндізгі сағат 10:55-те болды. 

Облыстық ТЖД мәліметінше, Шалқар ауданы Ұлпан станциясында 43 вагонды жүк пойызының 22 вагоны жолдан шығып, артынша аударылған.

Жедел түрде оқиға орнына «ҚТЖ» ҰК АҚ-нан 65 қызметкер және 2 қалпына келтіру, 2 өрт сөндіру пойызы,  ТЖД-нен 9 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

«13 жүк вагоны құлаған. Вагонға дизельді отын тиелген. Қазақстан теміржолы компаниясынан қалпына келтіру пойызы жетті. Шалқар және Қандыағаш қаласынан екі өрт сөндіру пойызы келді. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталғанға дейін электр желісі өшіріледі. Төтенше жағдай тіркелген аумаққа пена құйылып, өрт қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстар жасалды»,-деді Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаев.

Қазіргі уақытта 150 метрге дейінгі жолды қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Оқыс оқиға салдарынан «Алматы-Атырау» бағытындағы жолаушылар пойызы Ембі қаласында тоқтап тұр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.