Ақтөбедегі шошқа фермасына барған сот орындаушылары жұмыстың бір бөлігін тоқатты. Шаруашылықта енді көң шығарылмайды, ағынды суды төгуге рұқсат жоқ.
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылында орналасқан «Парижская коммуна XXI» ЖШС-не сот үкімімен салынған 7 миллиард теңге көлемінде айыппұл әлі төленген жоқ.
Серіктестікке кемшіліктерді жоюға уақыт берілгенімен жұмыстар талапқа сай жүргізілмеген. Іске кіріскен сот орындаушылар шаруашылықтың көң және нәжіс суларын сыртқа шығаратын құбырларды бітеп тастады.
«Сот орындаушылары серіктестікке лас суды төгу және көң қоймасының жұмысын тоқтату туралы хабарлама жолдады. Алайда «Парижская коммуна XXI» ЖШС тарапынан сот шешімдерін орындау бойынша тиісті шара қабылданбады және оларды орындауға ниет білдірмеді. Сот орындаушылары құбырларды дәнекерлеп, көң қоймасының есігіне құлып салды», – деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Қазіргі кезде шошқа фермасының иесі Гайк Тертерянға қатысты қылмыстық тергеу басталды. Ол үйқамақта отыр.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024