23-02-21 |
660 рет қаралған
Ақтөбелік тұрғын 15 жастағы қызға жазылмас инфекция жұқтырды.
Ақтөбелік тұрғын 15 жастағы қызға жазылмас инфекция жұқтырды

Ақтөбеде кәмелет жасқа толмаған қызға АИТВ жұқтырған ер адам 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жасөспірімді жыныстық қатынасқа тарту арқылы жазылмас инфекция жұқтырған.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аталмыш оқиғаға қатысты үкім шықты.

Іс материалына сүйенсек, сотталушы 2018-2020 жылдар аралығында 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен. Сот отырысында сотталушының жасөспірімге жұқпалы инфекцияны қасақана жұқтырғаны белгілі болды. Сотталушы өзінің АИТВ жұқпасына шалдыққанын біле тұра өрімдей қызды төсек қатынасына тартқан.

Сот-медициналық сараптама кезінде тағылған айып дәлелденді. Сотталушы өз кінәсін мойындады.

«Сот үкімімен Б. айыпты деп танылып, оған 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделеді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», – деді облыстық соттың баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.