«Қызыл» аймақтағы Ақтөбенің эпидемиологиялық жағдайы күрделі екенін айтқан дәрігерлер дабыл қақты. Тұрғындардан сақтық шараларды сақтап, қонақ шақырмауды сұраған дәрігерлер масканы көнергенше тағатындарға да ескерту жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Адамдар санитарлық талапты дұрыс сақтамайды. Қарапайым масканы дұрыс тақпайды. Көбі мұрнын ашып, масканы иегіне тағып алған. Кейбіреулерінде маска түктеніп, әбден ескіріп кеткен. Оны 3-4 күн таққаны көрініп тұр. Маска 3-4 сағат сайын ауыстырылуға тиіс. Біз дәрігерлерді кінәлай бермей, індетпен қоғам болып күресуіміз керек. Жаныңда маска тақпаған адамды көрсеңіз, ескерту жасаңыз. Әсіресе, қоғамдық көлікте ешкім маска тақпайды. «Британдық» штамм Ақтөбеде бар. Бұл қауіпті екенін ұмытпаңыз»,- – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.
Кеше өңірде 127 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, ауруханаға түсті.
«Облыста медициналық аппараттар мен дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Екі айлық қор сақталған. Тұрғындарға дәріхана жағалауға еш негіз жоқ. Ауру белгілері байқалған бойдан дәрігерге жүгіну керек. Науқас дәрігердің бақылауында болуы тиіс. Біз тұрғындардан сақтық шараларын сақтап, үйде болуды сұраймыз. Қонақ шақыруды доғару керек. Жедел жәрдемнің жұмысы күшейді. 2 сәуірдегі мәлімет бойынша, бір күнде 906 шақырту түсті. Сондықтан емханаларда мобильді топтардың жұмысын көбейтіп жатырмыз»,-деді Исаев.
Өңірде 58 адам коронавирустан, 90 адам пневмониядан қайттыс болды. Бас дәрігер мәліметінше, аптасына кем дегенде 1-2 адам өлімі тіркеледі. Олардың дені үлкен кісілер, бәрінде соғылмалы қосалқы ауруы бар.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024