10-12-21 |
840 рет қаралған
Ақтөбенің экс-әкімі Оразалиннен жұмыс сұрап келген.
Ақтөбенің экс-әкімі Оразалиннен жұмыс сұрап келген

Ақтөбенің экс-әкімі Ермек Имантаев өңірдің қазіргі әкімі Оңдасын Оразалиннен жұмыс сұрап келген.

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы қызметін бір жылдан аса уақыт атқарған Ермек Имантаевты ақтөбеліктер жоғалтып алды. Ол «Nur Otan» партиясында Омархан Өксікбаевтың мәлімдемесінен кейін өз еркімен жұмыстан шығуға арыз берді.

«Имантаевтың өзінің шешімі болды. Уақытында ол облыстың басшысы болған азамат. Өзі өтініш жасады. «Реті келсе облысқа қайтып, біршама қызмет атқарғым келеді» деген уақытта «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы болуға ұсыныс жасадым. Қолынан келгенше 1,5 жылдан аса уақыт жасады. Бір шаруасы бітіп, бір шаруасы бітпей қалса да, еш өкпе ренішсіз қоштастық. Ол өз еркімен арыз жазып, рұқсат сұрады»,- дейді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

Естеріңізге салсақ, Омархан Өксікбаев «Nur Otan» партиясында өткен жиында Ақтөбе билігін сынап, бюджет ақшасының тиімділігінен ысырап болуы көп екенін айтқан болатын. Онда:

«СПК басшысы не ойлап отыр? Ақшаны оңды-солды таратып, Әлеуметтік –кәсіпкерлік корпорациясын қайырымдылық қоры қылды. Кеткен ақшаны қалай қайтарамыз, бұған енді кім жауап береді?

«Ақтөбе» индустриалды аймағының жұмысы күмән туғызады. Оларға облыстық бюджеттен 5 миллиард теңге жуық қаражат бөлінген. Есеп бойынша бәрі ойдағыдай игерілген. Бірақ 300 жұмыс орнына арналған 5 кәсіпорын ғана құрылды. Облыс әкімдігі тарапынан бақылау қайда?»,- деген еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.