Ақтөбе облысында балабақшада балалардың құлағынан тартып, күш көрсеткен тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты. Қарғалы аудандық соты 11 наурызда айыпталушыны үш жылға педагогикалық қызметтен шектеп, 120 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім кесті. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ. Айыпталушы апелляциялық шағым түсіруге құқылы.
Айыптау актісіне сай, балаларды ұру оқиғасы 2018 жылы қыркүйекте Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы «Айгөлек» балабақшасында болған. 18 жылдық еңбек өтілі бар тәрбиешінің балаларға күш көрсетіп жатқан сәтін дайындық тобындағы тәрбиеленушілердің бірі видеоға түсіріп алған. Ата-аналар алғашында бұл жайттан хабарсыз болған. 2019 жылғы ақпан айында бұл видео желіге тарап кеткеннен кейін ата-аналар сотқа шағым түсірген. 50 жастағы тәрбиешінің үстінен Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша іс қозғалған.
Ақтөбе облыстық білім басқармасының хабарлауынша, балаларға агрессия көрсеткен педагог – жоғары категориялы маман. Ол балаларға күш көрсеткені әшкере болғаннан кейін өз еркімен жұмыстан кеткен. Кейін «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі де орнын босатқан.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024