Ақтөбеде қалалық әкімдіктің экс-басшыларына қатысты іс сотта қаралып жатыр. Қала әкімінің бұрынғы орынбасары Жангелді Әубәкіров пен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарған Нұрлан Досовқа қатысты қылмыстық істің тыңдалымы басталды.
Шенеуніктерге қатысты «Өзгенің мүлкін иемденіп немесе талан-таражға салу» бабымен іс қозғалған.
Экс-орынбасарға тұрғын үй, комуналдық-шауаршылық бөлімінің басшысымен бірге қаланы жаңажылдық безендіруге бөлінген қазынаның қаражатын қалтасына басты деген айып тағылды.
Тергеу барысында қымқырған қаражаттың жартысына қала әкімінің экс-орынбасарына астына қымбат көлік, қысқы доғалақтар, жайлы кресло алып бергендігі анықталған.
«Аталған тұлғалар сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен адамдар тобымен алдын ала сөз байласып жаңа жылдық іс шараларды өткізу үшін жалған шарт жасасу арқылы және заңсыз мемлекеттік сатып алуды жүргізіп, кейін іс жүзінде орындалмаған жұмыс үшін мемлекеттік бюджеттен бөлінген аса ірі мөлшерге қаражатты иемденіп, талан-таражға салды деп айыпталуда»,-дейді №2 қалалық сотының баспасөз хатшысы Махаббат Ешімбаева.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024